E-salyq Business кәсіпкерлерге қандай жеңілдік береді?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Азамат Панбаев айтып берді.

Ол E-salyq Business мобильдік қосымшасының тиімділігін атап өтті.

Мобильдік қосымшаның функционалы жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге мүмкіндік береді. Және кассалық чектің орнына мобильдік қосымшадағы чекті бере алады. Қосымшада берілген чектердің негізінде кірістердің есебін жүргізеді. Салық мен әлеуметтік төлемдерді автоматты түрде есептейді. Жалдамалы қызметкерлердің және олардың табыстарының есебін жүргізуге болады, - деді Азамат Панбаев

Сондай-ақ ол көпшілікке мәлім 910 оңайлатынған декларацияны беруге мүмкіндік барын айтты.

E-salyq Business-те бұдан басқа да сервистер қарастырылған. Мәселен, салық төлеушінің салық органдары берген хабарламаларды ала алады. Одан басқа бір төлем құжатымен бірнеше салықты төлей алады. Және артық төленген соммаларды салық есебіне жатқызуға немесе қайтару мүмкіндігі қарастырылған, - деді ол орталық коммуникациялар алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы