«e-Salyq Azamat» қосымшасынан еңбекақы туралы мәліметті білуге болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстандықтар «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы еңбекақылары туралы мәліметтерді көре алады. Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Марат Сұлтанғазиев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен бриффингте қосымшаның ерекшелігі туралы айтып берді. 

«e-Salyq Azamat» мобильдік қосымшасының тиімділігі - оның кез-келген тұлға үшін төлемдері мен салықтық есептілігінің қолжетімді болуында.

Ұялы телефонына жүктеп алса болды. Бұл жерден салық төлеушілер қанша қарызы бары туралы мәліметті ЖСН жазу арқылы білуге, артық төлемі болған жағдайда ол ақшаны оп-оңай қайтарып алуға, мүлік, жер және көлік құралдары бойынша мәліметтерді көруге, егер дұрыс емес ақпараттар болған жағдайда бірден түзетуге мүмкіндігі бар, - деді комитет басшысы. 

Бұл қосымшада: салық әмияны, жиі қойылатын сұрақтар, салық және әлеуметтік төлемдер бойынша берешек туралы және т.б салық төлеушіге өте қажет қызмет түрлері жұмыс істейді. 

Биылдан бастап Салық әмиянында қызметкердің еңбекақысы туралы мәліметтерді көруге мүмкіндік берілетін қызмет іске қосылды.

Жалпы, 2021 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша «e - Salyq Azamat» мобильдік қосымшасында пайдаланушылар саны 228,5 мың болды.

Салық әмиянды 49,5 млн.теңге сомасында 10 645 қолданушы толтырды, 8,1 млн.теңгеге - 2 242 автоматты түрде қайтару жасалды, 5,3 мың  пайдаланушы 342,8 млн.теңге сомасында артық төлемдерді есепке алу немесе қайтару қызметін пайдаланды. Түзету қызметі бойынша көлік құралдарында 8884 салық төлеуші, жылжымайтын мүлік бойынша 224 салық төлеуші, жер бойынша 506 салық төлеуші деректерді түзетуге өтініш берді.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы