Ең сұранысқа ие мобильді қосымшалар анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. App Annie компаниясының сарапшылары қолданушылар арасында көп сұранысқа ие мобильді қосымшалар мен ойындарды анықтады.
Онжылдық қорытындысы бойынша мессенджерлер көш бастап тұр. Бұл рейтинг компания сайтында жарияланды. Ең көп жүктелген қосымшалар Facebook, Facebook Messenger и WhatsApp көш бастады. Алғашы бестікті Instagram мен Snapchat түйіндеді.
Онжылдықтың ең танымал ойыны Subway Surfers атанды. Бұл ойынды дат компаниясы Kiloo әзірлеген болатын. Екінші орын Candy Crush Saga ойынына берілсе, үштікті Temple Run 2 қорытындылады. ТОП-5 ойынға My Talking Tom мен Clash of Clans, Pou кірді.
Сарапшылар экономикалық тұрғыдан пайда әкелетін мобильді қосымшалардың рейтингін әзірледі. Тізімде алғашқы орынды стримингілік сервис Netflix алса, екінші орында танысуға арналған қосымша Tinder, үштікті Pandora Music қорытындылады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Оралда жаңа зауыт ашылды
Өзгелердің жаңалығы