Е-Otinish ақпараттық жүйесі сапалы жұмыс жүргізуге ықпал етті – Қанат Мусин

Министрдің айтуынша, 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап мемлекеттік органдар мен жеке тұлғалардың өзара іс-қимылындағы көзқарасты түбегейлі өзгерткен әкімшілік іс жүргізу кодексі қолданысқа енгізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс енгізілген күннен бастап, бір жылдың қорытындысы бойынша Әділет министрлігі Құқық қолдану тәжірибесіне талдау дайындады.

Мәселен, жаңа форматтағы әкімшілік сот төрелігінің бірінші жылында соттарда аяқталған әкімшілік істердің жалпы санынан аяқталған істердің 52%-ы бойынша талапкерлердің талаптары толық немесе ішінара қанағаттандырылды. Осылайша, әкімшілік органның, лауазымды тұлғаның (сотқа жеткен) әрбір екінші шешімін сот күшін жояды. Бұл факт әкімшілік сот төрелігінің «жаңа» моделінің тиімділігін көрсетеді, - деді Қанат Мусин.

Қанат Мусин атап өткендей, «e-Otinish» ақпараттық жүйесін енгізу де әкімшілік сот төрелігінің жаңа моделі аясында сапалы жұмыс жүргізуге ықпал етті. Соның арқасында азаматтар кез келген мемлекеттік органға өтініштерін оңай жібере алады.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы өзінің соңғы Жолдауында қылмыстық және қылмыстық-процессуалдық заңнаманы түзету жөніндегі өкілеттіктерді құқық қорғау органдарынан Әділет министрлігіне беру және оларды пысықтау мәселесіне ерекше тоқталғанын айта кеткен жөн.

Осыған байланысты бұл мәселені шешу кешенді көзқарасты талап етеді, өйткені қылмыстық заңнаманы қайта қарау мен түзету жүйелі және теңгерімді көзқарассыз мүмкін емес, - деді Әділет министрі Қанат Мусин.

Осы орайда  қылмыстық саясатты Әділет министрлігі қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу және қылмыстық-атқару заңнамасының негізді тұрақтылығы қағидаты бойынша құратын болады.

Сонымен қатар қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу кодекстеріне өзгерістер енгізудің ерекше тәртібін белгілеу мәселесі пысықталатын болады.

Қанат Мусиннің айтуынша, өзгерістер динамикасы, қарқындылығы құқық қолдану тәжірибесіне сәйкес келмейтін жағдайда оңтайлы даму жолы қағидасы да қарастырылады. Қылмыстық іс жүргізу заңнамасын құқық қорғау органы қалыптастыратынын ескере отырып, бәсекелестік сотқа дейінгі сатыда да, сот сатысында да қамтамасыз етілмейді: процесс күшті жақтың қажеттіліктеріне бейімделген.

Өз кезегінде барлық жұмыс қоғам өкілдерімен, ғалымдармен, сарапшылармен сындарлы диалогта жүзеге асырылатын болады.

Жалпы, екі заң жобасы бойынша жұмысты Әділет министрлігі Ашық НҚА порталында заң жобаларын орналастыру арқылы ашық жүргізетін болады. Жұмыстарды 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында аяқтау жоспарланған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы