Е-Карантин ақпараттық жүйесі әзірленді

Нұр-Сұлтан, BAQ,KZ. Елорда әкімі Алтай Көлгінов блок-бекеттердегі жұмыс барысының жеңілдетілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Жабдықтау және қамтамасыз ету қызметі. Блок-бекеттерде әскери қызметшілерден бөлек әскери міндеттілер де, полицейлер мен волонтерлер де жұмыс істеп жатыр. ТЖ кезінде барлығы 150 адам жұмылдырылды, – деді қала әкімі.
Ол сөз арасында коронавируспен күресте цифрландыру жүйесінің көмегі тигенін айрықша атап өтті. Қазір электронды қызмет айтарлықтай жақсарған.
ХҚО-лар онлайн қызметін арттырды. Сол сияқты әкімдікте де цифрландыру жұмыстарын күнделікті арттырып жатырмыз. Өз кезегінде бізге «Сергек» жүйесі де айтарлықтай көмектесті. Полицейлердің қолында арнайы планшеттері бар. Блок-бекеттердегі өткізу жүйесі мәселені ұзаққа созбай, кептеліс тудырмай жылдам шешуге көмектесуде. Сонымен қатар, Е-Карантин ақпараттық жүйесі әзірленді. Оның негізгі мақсаты – санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды бақылау, – дейді Алтай Көлгінов.

Сондай-ақ ол ТЖ режимін сақтау үшін қанша адам жұмылдырылғанын мәлімдеді.
Төтенше жағдай режимін сақтау үшін Қарулы Күштің жеке құрамынан мыңнан аса адам, Полиция департаменті мен Ұлттық гвардияның жеке құрамынан бас-аяғы 3 мың қызметкер жұмылдырылды, – деді қала әкімі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы