Еңбек министрі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов өзіне жеке сұрақтарымен жүгінген 9 адамды қабылдады.
"Министрмен кездесуге елорда, Шымкент қаласының және Түркістан облысының тұрғындары келді. Азаматтар өз өтініштерінде атаулы әлеуметтік көмек көрсету, борыш жүктемесін азайту, зейнетақыны, жәрдемақыларды есептеу, мүгедектерді техникалық оңалту құралдарымен және арнайы әлеуметтік қызметтермен қамтамасыз ету, жұмыспен қамту және қиын жағдайға тап болған азаматтарға көмек көрсету туралы сұрақтар мен ұсыныстарын білдірді", - делінген хабарламада.
Өтініш берушілердің барлық мәселесі мен ұсынысын тыңдағаннан кейін министр түсіндірмелер берді және тиісті ведомстволарға Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің құзыретіне кіретін мәселелерді қолданыстағы заңнама аясында шешуге көмектесуді тапсырды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елордада башқұрт мәдениетінің күні өтеді
Өзгелердің жаңалығы