Дзюдошы жас буын келесі Олимпиадаға дайын болады – Нұрбол Сүлейменов
Дзюдодан Қазақстан ерлер құрамасының бас бапкері Нұрбол Сүлейменов дүбірлі додада жеңіп алған алтын мен қола - тарихи жеңістер екенін атап өтті, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Бірінші күні Елдос, ертеңіне Ғұсман үлкен қуаныш сыйлады. Залдағы атмосфераны көргенде, денең түршігіп, көзге жас келетіндей болды. Жігіттерді мақтан тұтамыз. Қазақ еліне құтты болсын. Дүбірлі додада жеңіп алған алтын мен қола - тарихи жеңістер, - деді ол.
Бас бапкер жүлдеге іліне алмаған спортшылардың дайындығы жақсы болғанын, қобалжу басым болып жеңіске жете алмағанын айтты.
Әрине, бәрі дайын барды. Әттеген-ай деген өкініш қай жарыста да болады. Қобалжудан өздерін ұстай алмаған кездері болды. Жас буын келесі Олимпиадаға дайын болады, - деді бапкер.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Апта басындағы доллар бағамы белгілі болды
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы