Дзюдошы Нұрлыхан Шархан Париж Олимпиадасын жеңіспен бастады

Дзюдодан Қазақстан командасының мүшесі Нұрлыхан Шархан Олимпиаданың келесі айналымына өтті, деп хабарлайды Olympic.kz.

100 келіге дейінгі салмақта сынға түсіп жатқан Шархан алғашқы айналымда бельгиялық Тома Никифоровпен кездесті.

Белдесу барысында бельгиялық балуан үш ескерту алып, кездесу қазақстандық дзюдошының жеңісімен аяқталды.

Нұрлыхан Шарханның келесі қарсыласы - өзбекстандық Мұзафарбек Тұробаев.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Сали Сабиров/olympic.kz
Өзгелердің жаңалығы