Дзюдошы Ерғали Шәмей – Паралимпиада ойындарының күміс жүлдегері

Қазақстандық Ерғали Шәмей 2024 жылғы Паралимпиада ойындарының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Спортшы пара дзюдодан тұғыр биігіне көтерілді. Ерғали 73 келі салмақта (J1 санаты) финалға дейін жетіп, ақтық сында румыниялық Флорин-Александру Бологаға жол берді.

Осылайша, Париждегі Паралимпиада ойындарын күміс медальмен аяқтап отыр.

Айта кетелік, Паралимпиада ойындарындағы Қазақстан құрамасының жүлделер саны жетеу.

Алтын медальді Давид Дегтярев (пара пауэрлифтинг) пен Акмарал Науатбек (пара дзюдо) жеңіп алса, мерген Еркін Ғаббасов пен жүзгіш Нұрдәулет Жұмағали күміске қол жеткізді. Қола жүлдегерлер қатарында Дастан Мұқашбеков пен Даяна Федосова бар.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: olympic.kz
Өзгелердің жаңалығы