30 Қазан 2025 2025, 20:44
Фото: ҰОК
Дзюдошы Айша Алтай жасөспірімдер Азиадасында чемпион атанды
Дзюдодан Қазақстан қыздар құрамасының өкілі Айша Алтай Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер Азиадасында алтын жүлдегер атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Дзюдодан Қазақстан қыздар құрамасының өкілі Айша Алтай Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер Азиадасында алтын жүлдегер атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ол 70 келіге дейінгі салмақта жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.
Айша ақтық сында өзбекстандық Шохиста Тураевамен белдесті.
Нәтижесінде отандасымыз қарсыласынан басым түсіп, алтыннан алқа тақты.