Дзюдошы Аман Бақытжан Париждегі Grand Slam турнирінде қола жүлдегер атанды
Францияның Париж қаласында дзюдодан Grand Slam санатындағы турнир басталды. Жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан құрамасы бір жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Аман Бақытжан финалдық кезеңге дейін жетті. Ол алғашқы айналымдардан сәтті өтіп, жартылай финалға жолдама алды. Алайда финалға шығу үшін өткен белдесуде украиналық Дильшот Халматовқа жол берді.
Қола жүлде үшін өткен белдесуде Бақытжан кубалық Джонат Чаронды жеңді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Әзербайжанда көшкін салдарынан ауылға апаратын жол бүлінді
Өзгелердің жаңалығы