Дзюдодан жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпиондары анықталды

Астанада дзюдодан жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті. Төрт күнге созылған ел біріншілігіне Қазақстанның 3 қаласы, 17 облысынан барлығы 825 дзюдошы қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстан чемпионатының жекелей сайыстары бойынша медаль кестесінде Қарағанды облысы (3 алтын, 3 қола) көш бастады. Қарағанды облысы (2 алтын, 2 күміс, 4 қола) екінші орынға жайғасса, Жамбыл облысы (2 алтын, 1 күміс) үздік үштікті түйіндеді. 

Ал Қазақстан біріншілігінің аралас-командалық жарысында Қарағанды облысы жеңімпаз атанды. Финалға шыққан Жетісу облысының командасы екіні орынға ие болды. Ал қос қоланы Түркістан облысы мен Жамбыл облысының дзюдошылары өзара бөлісіп алды. 

Айта кетерлігі, елордада татамиінде 2006-2007 жылы туған жасөспірім дзюдошылар 16 салмақ дәрежесінде бақ сынады. Қазақстан чемпионатының нәтижесінде 2023 жылға Қазақстан жасөспірімдер құрамасы жасақталады. 

 

Назарларыңызға дзюдодан Қазақстан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасы чемпионатының нәтижесін ұсынамыз:

Қыздар: 

40 кг
1. Сабина Юлдашева (Шымкент)
2. Тамила Әлиханова (Абай облысы)
3. Зере Өтепқали (Атырау облысы)
Әсел Русланова (Атырау облысы)

-44 кг
1. Іңкәр Құралбай (Жамбыл облысы)
2. Гүлхан Шыңғысхан (Атырау облысы)
3. Сапаргүл Мұхтарова (Астана)
3. Айзат Наукенова (Қарағанды облысы)

-48 кг
1. Нұрбала Зайнул (Түркістан облысы)
2. Алина Ямашева (Қарағанды облысы)
3. Кира Кегай (Жетісу облысы)
3. Маржан Кальмен (Алматы облысы)

-52 кг
1.Аяулым Қайрат (Қарағанды облысы)
2.Нұрай Бақыт (Қызылорда облысы)
3.Аяулым Қалмырза (Түркістан облысы)
3.Карина Когай (Жетісу облысы)

-57 кг
1.Нұрай Жеңіс (Жетісу облысы)
2.Аяулым Исаева (Алматы)
3.Мәруа Белбаева (Алматы)
3.Шынар Бітімбай (Атырау облысы)

-63 кг
1. Сағира Әділ (Жетісу облысы)
2. Дильназ Досберген (Жамбыл облысы)
3. Дария Бейсембекова (Түркістан облысы)
3. Жібек Жайсанбай (Қызылорда облысы)

-70 кг
1. Сәулемай Сағитжан (Ақтөбе облысы)
2. Аниса Ибатолла (Атырау облысы)
3. Аружан Әбдіқалықова (Ақтөбе облысы)
3. Әмина Файзулина (Астана)

+70 кг
1.Нұршат Кемелханқызы (Жетісу облысы)
2. Айымзада Думанқызы (Атырау облысы)
3. Көркем Бақытбек (Қызылорда облысы)
3. Гүлдана Теңелбаева (Маңғыстау облысы)

 

Ұлдар:

-50 кг
1. Ерхан Мұрат (Атырау облысы)
2. Ернұр Батырғали (Түркістан облысы)
3. Дамир Сырлыбай (Түркістан облысы)
3. Нұрбол Асқар (Жетісу облысы)

-55 кг

1. Оралбек Байзақ (Қызылорда облысы)
2. Мағжан Аманжолов (Ақтөбе облысы)
3. Бағдәулет Қабдешов (Алматы)
3. Қайрат Жеңісұлы (Алматы облысы)

-60 кг
1.Нұрсұлтан Ысқақов (Жамбыл облысы)
2.Мейрамбек Дидар (Қызылорда облысы)
3. Изтай Темірлан (Алматы)
3. Нұргелді Қанат (Маңғыстау облысы)

-66 кг
1.Ислам Абай (Шымкент)
2.Ақниет Шайменов (Шымкент)
3.Еркебұлан Орынбаев (Қостанай облысы)
3. Нұртаза Төлеген (Қызылорда облысы)

-73 кг
1.Еділ Ерболұлы (Алматы облысы)
2.Нұрбек Зауза (Атырау облысы)
3.Әділбек Біржанов (Алматы)
3.Бауыржан Кемелқожа (Алматы облысы)

-81 кг
1. Досбол Балғабай (Қостанай облысы)
2. Санжар Ерұланұлы (Қарағанды облысы)
3. Глеб Азаров (Қарағанды облысы)
3. Жасұлан Саин (Маңғыстау облысы)

-90 кг
1. Алдияр Сайн (БҚО)
2. Дінмұхаммед Нысанбай (Қызылорда облысы)
3. Асқар Біржанов (Қарағанды облысы)
3. Берікбол Жұманбеков (Абай облысы)

+90 кг
1. Шерхан Алпанов (Қарағанды облысы)
2. Ұлан Құмарбай (Алматы облысы)
3. Әлихан Назымханов (Түркістан облысы)
3. Алмас Темірқұлов (Қарағанды облысы)

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Дзюдо федерациясы
Өзгелердің жаңалығы