Дзюдодан отандық төрешілер «Continental» сертификатын алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 11-17 маусым күндері Таиландта дзюдо спортынан төрешілерге арналған халықараалық «IJF Continental» емтихан семинары өтті, деп хабаралады Қазақстан дзюдо федерациясының баспасөз қызметі.

Халықаралық семинарға Мюнхенде өткен (1972 жыл) Олимпиада ойындарының чемпионы, Азия дзюдо одағының рефери директоры Кавагучи Такао мен Халықаралық дзюдо федерациясы бекіткен мамандар қатысты. Семинарға қатысқан төрешілер Тайландта өткен халықаралық чемпионатта төрешілік жасап, емтихан тапсырды. Нәтижесінде, Қазақстандық ұлттық санаттағы төрешілер Алтынбек Болатов пен Жомарт Қобланов емтиханды сәтті тапсырып, «Continental» санатындағы төрешілер қатарына қосылып, арнайы сертификатпен марапатталды.

«Continental» санатындағы төрешілер республикалық жарыстардан бөлек, халықаралық жарыстарда төрелік етеді. Сонымен қатар, халықаралық дзюдо федерациясыбекіткен Азия кубогтары мен Еуропа кубогтарында төрелік етуге мүмкіндік береді.

Айта кетерлігі, аталмыш семинарға әлемнің 70 аса дзюдо төрешілері қатысты. Қазіргі таңда Қазақстанда «Continental» санатындағы 30 жуық төреші бар.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы