Дзюдодан Grand Slam турнирі: жарыстың екінші күні Қазақстан жүлдесіз қалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық дзюдошылар «Grand Slam» турнирінің екінші жарыс күнінде іріктеу кезеңінен аса алмады, деп хабарлайды Olympic.kz.

73 келіде татамиге шыққан Жансай Смағұлов ширек финалдық жолдаманы сарапқа саларда қарсыласына жол берді. Отандасымызды жарыстың екінші кезеңінде швециялық Томми Мациас жеңіп кетті.

Ал 81 келіде белдескен Дидар Хамза үшінші айналымда ресейлік Аслан Лаппинаговтан ескерту қағазымен ұтылды.

Әйелдер арасында 63 келіде сынға түскен Иоланта Бердібекова алғашқы айналымда румыниялық Аделина Дорбиеден жеңілді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы