Дзюдодан ел біріншілігінің жеңімпаздары анықталды

Дзюдодан Қазақстан чемпионатының алғашқы жүлдегерлері анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

2006-2007 жылы туған жасөспірімдер арасындағы ҚР чемпионатының алғашқы күнінде ұлдар -50, -55, қыздар -40, -44, -48 келі салмақ дәрежесінде татами төріне шықты. Дода жеңімпаздарының да есімі белгілі болды. 

40 келіге дейінгі қыздар арасында сынға түскен жарыста 1-орынды Сабина Юлдашева  (Шымкент ) жеңіп алды. 2-орын Тамила Әлиханова (Абай облысы) ,  3-орынды Зере Өтепқали (Атырау облысы) мен Әсел Русланова (Атырау облысы) иеленді. 

Ал, 44 келіде 1-орынды  Іңкәр Құралбай (Жамбыл облысы) жеңіп алса, 2-орын - Гүлхан Шыңғысханға  (Атырау облысы) бұйырды. 3-орынды - Сапаргүл Мұхтарова (Астана) мен  Айзат Наукенова (Қарағанды облысы) иеленді. 
48 келі салмақтағы қыздар арасындағы бәсекеде  Сымбат Жайнул (Түркістан облысы) жеңімпаз атанды.  2-орынды - Алина Ямашева (Қарағанды облысы), 3-орынды - Кира Кегай (Жетісу облысы) мен  Маржан Кальмен (Алматы облысы) місе тұтты. 

Ал, ұлдар арасындағы 50 келі салмақ дәрежесіндегі бәсекеде Ерхан Мұраттың (Атырау облысы) асығы алшысынан түсіп, чемпион атанды. 2- орын - Ернұр Батырғалиға  (Түркістан облысы) бұйырды. Дамир Сырлыбай (Түркістан облысы) мен  Нұрбол Асқар (Жетісу облысы) қола жүлдегер атанды.  

55 келі салмақта татами төріне шыққан сында Оралбек Байзақ (Қызылорда облысы) алтыннан алқа тақты. Ақтөбе облысынан келген  Мағжан Аманжолов күміс медель иеленді. Ал 3-орын жеңімпаздары Бағдәулет Қабдешов (Алматы) пен Қайрат Жеңісұлы (Алматы облысы).

Жеңімпаздарды Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Самат Ерғалиев, қалалық спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев марапаттады.

Айта кетейік, жарыс 17 ақпанға дейін жалғасады.

 Әсел Әбілбек

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Дзюдо федерациясы
Өзгелердің жаңалығы