13 Ақпан 2023 2023, 15:24 Фото: Егемен Қазақстан

Дзюдодан ел біріншілігі өтеді 

Астанада 14-17 ақпан күндері дзюдодан жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі

Астанада 14-17 ақпан күндері дзюдодан жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі

Ел біріншілігі елордадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында болады. Жарыста 2006-2007 жылы туған жасөспірім дзюдошылар өзара бақ сынайды. 

Айта кету керек, чемпионат нәтижесі бойынша 2023 жылы ел намысын Азия және әлем чемпионаттарында қорғайтын Қазақстан жасөспірімдер құрама командасы жасақталады.

 Әсел Әбілбек