Дзюдодан Бакуде өтетін турнирге қатысатын қазақстандық құрам анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 11-12 мамыр күндері Әзербайжан астанасы Бакуде дзюдодан әлемдік "Grand Slam" кезеңі басталады. Әлемнің 60 мемлекетінен 500-ден астам спортшы бақ сынайтын додада қазақстандық балуандар да бақ сынайды. Бұл туралы Olympic.kz жазды. 

Турнирге Қазақстан атынан 11 дзюдошы қатысады. 

Ерлерден еліміздің намысын түрлі салмақ дәрежесі бойынша жалпы жеті спортшы қорғайды:

Бауыржан Нарбаев (60 келі);

Мағжан Шамшидин (60 келі);

Есет Қуанов (66 келі);

Сұңғат Жұбатқан (66 келі);

Жанболат Бағытбергенов (73 келі);

Мадияр Сембаев (73 келі);

Виктор Демьяненко (100 келі).

Ал қыздардан төрт дзюдошы турнирге қатысатыны белгілі болды. Олар:

Анна Казюлина (52 келі);

Ақниет Тұрдан (63 келі);

Зере Бектасқызы (70 келі);

Зарина Райфова (78 келі).

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Неге Тоқаев?
Өзгелердің жаңалығы