Дзюдодан Қазақстан құрамасы жылдың алғашқы жарысына қатысады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасы Тель-Авивтегі әлемдік гран-приге қатысады. Бұл туралы ҚР дзюдо федерациясы хабарлады.
23-25 қаңтар күндері Израиль астанасында дзюдодан әлемдік гран-при кезеңі өтеді. Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) ережесі бойынша лицензиялық гран при-турнирінің жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне әлемдік рейтингте ұпай қосылмақ. Жеңімпаз 700 ұпайға ие болса, екінші орын алған спортшы - 490, үшінші орын иегеріне 350 ұпайдан үлестіріледі.Жылдың алғашқы додасына әлемнің 88 елінен 623 дзюдошысы жиналады деп жоспарлануда. Аталған бәсекеде Қазақстан намысын 20 дзюдошы қорғайды.
Ерлер:
Мағжан Шамшадин (-60 келі)
Ғұсман Қырғызбаев (-60 келі)
Елдос Жұмақанов (-66 келі)
Ерлан Серікжанов (-66 келі)
Жансай Смағұлов (-73 келі)
Серік Ақылбек (-73 келі)
Дидар Хамза (-81 келі)
Руслан Мұсаев (-81 келі)
Ерсұлтан Мұзаппаров (-90 келі)
Айбек Серікбаев (-100 келі)
Виктор Демьяненко (-100 келі)
Ерасыл Қажыбаев (+100 келі)
Ғалымжан Қырықбай (+100 келі)
Әйелдер:
Ақмарал Науатбек (-48 келі)
Анна Казюлина (-52 келі)
Севара Нышанбаева (+57 келі)
Мөлдір Нарынова (-70 келі)
Зере Бектасқызы (-70 келі)
Зарина Райфова (-78 келі)
Назгүл Маратова (+78 келі).
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Субсидияға онлайн өтініш беруге болады
Өзгелердің жаңалығы