Дзюдодан Алматыда өтетін әлем чемпионатына еліміздің 2 командасы қатысады
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Жарысты өткізіп отырған ел ретінде біз осы жолы екі команда шығарамыз. Яғни еліміздің атынан 15 қыз бен 16 ер бала өнер көрсетеді. Бұл туралы ҚР дзюдо федерациясының Бас хатшысы Асхат Житкеев Алмтыда өткен брифинг кезінде айтты.
Оның айтуынша, бүгінгі жастар біраз уақытта ел құрамасының сапында өнер көрсететін спортшыларға айналады. Сондықтан осындай додаға қатысу өте маңызды."Осындай шараны өткізуге атсалысып жатқандардың барлығына алғысымды білдіремін. Алматы ел спортының жүрегі десем болады. Мықты спортшылар осы қаладан көктеп шықты. Оның үстіне Алматы осындай ірі шараларды жақсы көреді. Осы спорттық шараны балаларыңызбен келіп тамашалауға шақырамын", - деді ол.
Сонымен қатар, ол чемпионаттың жалпы жүлде қоры 100 мың доллар екенін, оны 16 салмақ бойынша жеңіске жеткен спортшы мен жаттықтырушыларына бөліп беретіндіктерін айтты.
"Қатысып жатқан спортшылар арасында Азия чемпионы және өзге де жарыстарда топ жарған мықты спортшылар бар. Бұл чемпионатты елімізде өткізудің тағы бір себебі жас балаларға дзюдо спортын кеңінен таныстырып, олардың дзюдоға деген, жалпы спортқа деген қызығушылықтарын ояту", - деді Житкеев.
Қазақстан жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы Ғайнолла Есенғалиев тыңғылықты дайындықпен келгенін айтты.
"Чемпионатқа қатысатын спортшылардың барлығы бұған дейін Азия чемпионатына және тағы бірнеше ірі жарыстарға қатысты. Дайындықтары жоғары деңгейде. Алдымызға бір алтын, бір қола медаль ұтып алу жөнінде мақсат қойып отырмыз. Дегенмен одан да асыруға тырысамыз. Басты қарсыластарымыз Жапония, Франция, Ресей, Италия, Өзбекстан, Грузия мен Әзірбайжандар елдері", - деді ол.
Бұған дейін 25-29 қыркүйек күндері аралығында Алматы қаласындағы "Балуан Шолақ" атындағы спорт сарайында жасөспірімдер арасында дзюдодан әлем чемпионаты өтетін хабарлағанбыз. Оған 71 елден 483 жас спорт шебері қатысады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматыда жасөспірімдер арасында дзюдодан әлем чемпионаты өтеді
Келесі жаңалық
Шымкентте жыл соңына дейін 9 мектеп құрылысы аяқталуы керек
Өзгелердің жаңалығы