Дзюдодан әлем чемпионаты: әйелдер құрамасы қос қола жүлде жеңіп алды
Дзюдодан Қазақстан әйелдер құрамасының балуандары әскери қызметкерлер арасындағы әлем чемпионатында үздіктер қатарынан көрінді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Дзюдодан Ташкентте әскерилер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық екі балуан қола жүлдегер атанды.
Әйелдер арасында Екатерина Токарева 78 келіде қола жүлде үшін күресте өзбекстандық спортшыны қапы қалдырса, аса ауыр салмақта Кәмила Берліқаш та үздік үштіктен көрінді. Ол қола жүлде үшін белдесуде Франция спортшысын 6 секундта иппонмен жеңді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
АҚШ долларының құны артып барады
Өзгелердің жаңалығы