Дзюдо: Ақтаудағы турнирде Ресей құрамасы топ жарды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтауда Тұрар Жолдыбаевты еске алуға арналған дзюдодан ашық Азия кубогы өтті.
Ашық Азия кубогына тек сары құрлықтың ғана емес, Еуропа құрлығынан да спортшылар қатысты. Барлығы 11 елдің 150-ден аса татами шеберлері 2 күн көлемінде Ақтауда өзара мықтыны анықтады.
Cпорттық додада 7 алтын, 8 күміс және 10 қола медальмен Ресей құрамасы турнир кестесінде көш бастады.
Қазақстан құрамасы 4 алтын, 2 күміс және 10 қола жүлдені еншілеп, екінші орынға жайғасты. Оңтүстік Корея құрама командасы болса 2 алтын, 3 қоламен үздік үштіктер қатарынан көрінді.
70 келі
1.Ксения Задварнова (Ресей)
2.Эльвира Камалова (Ресей)
3.Зере Бектасқызы (Қазақстан)
3.Даваасурен Мунхбат (Моңғолия)
-78 келі
1.Марина Букреева (Ресей)
2.Зарина Райфова (Қазақстан)
3.Татияна Лиалина (Ресей)
3.Светлана Воронина (Ресей)
+78 келі
1.Да Еун Парк (Оңтүстік Корея)
2.София Пирогова (Ресей)
3.Наазгүл Маратова (Қазақстан)
3.Нұрғаным Тұршабек (Қазақстан)
-81 келі
1.Турпал Тепкаев (Ресей)
2.Айбол Нысанали (Қазақстан)
3.Павел Берлин (Рсей)
3.Юнхо Ким (Оңтүстік Корея)
-90 келі
1.Юрий Божа (Ресей)
2.Роман Донцов (Ресей)
3.Достон Мейлиев (Өзбекстан)
3.Сұңғат Закарияев (Қазақстан)
-100 келі
1.Виктор Демьяненко (Қазақстан)
2.Сайджалол Саидов (Тәжікстан)
3.Ибрагим Маргиев (Ресей)
3.Нұрлыхан Шархан (Қазақстан)
+100 келі
1.Канг Жису (Оңтүстік Корея)
2.Шахин Гахрамаанов (Әзірбайжан)
3.Нұрдаулет Жарылғапов (Қазақстан)
3.Александр Шалимов (Ресей)