Дзюдо: Әбиба Әбужақынова әлемдік Гран-при турнирінің жеңімпазы
Әбиба Әбужақынова Аустриядағы әлемдік Гран-при турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Аустрияның Линц қаласында өтіп жатқан әлемдік Гран-при финалында Әбиба Әбужақынова (48 кг) 19 жастағы жапон дзюдошысы Сачио Йошиноны жеңіп, алтын медаль иеленді.
Финалға дейін қазақстандық спортшы ширек финалда татами иесі Жаклин Спрингерді, ал жартылай финалда Нидерланд өкілі Амбер Херсьесті жеңді.
Бүгін бастау алған Гран-при турнирінде 52 елден 416 спортшы бақ сынауда. Қазақстан құрамасынан жарысқа 14 дзюдошы қатысып жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Полицияға 4250 рет қоңырау шалған тұрғын қамауға алынды
Өзгелердің жаңалығы