Джорджа Мелони: Қазақстан – Италияның маңызды әріптесі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Италия Министрлер кеңесінің төрағасы Джорджа Мелони келіссөз жүргізді, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Италияның байланысы туралы сөз етті.

Сіздің бұл сапарыңыз – екіжақты ынтымақтастығымыздағы айтулы оқиға. Біз өзара байланысқа, достық пен сенімге құрылған қарым-қатынасқа айрықша мән береміз. Италия Қазақстанның әлемдегі сауда серіктестерінің үштігіне кіреді және Еуропадағы ірі әріптесіміз. Бұл бекер емес. Екіжақты ынтымақтастықтың жоғары қарқынын сақтауымыз қажет. Сіздің сапарыңыз қос ел арасындағы көпқырлы ықпалдастықты дамытуға тың серпін беретіні сөзсіз, – деді Қазақстан Президенті.

Ал Италия Премьер-министрі Джорджа Мелони екі ел арасында қандай бағыттарда бұдан да жоғары нәтижеге қол жеткізуге болатынын атап өтті.

Еліңізге шақырып, қонақжайлық танытқаныңыз және Астана халықаралық форумында сөз сөйлеуге мүмкіндік жасағаныңыз үшін тағы да алғыс айтамын. Бұл форум диалог үшін маңызды алаңдардың біріне айналып келеді. Біз Қазақстанды Италияның стратегиялық серіктесі, ал Орталық Азия өңірін стратегиялық тұрғыдан маңызды тоғыз жолдың торабы ретінде қарастырамыз. Бізге диалог қажет. Мұны Өзіңіз де жақсы түсінесіз. Қазақстан – Италияның көптеген сала бойынша маңызды әріптесі. Екі ел арасындағы ынтымақтастық табысты дамып келеді. Әйтсе де, кеше айтқанымдай, энергетикадан бастап мәдениетке дейін, университеттердің тәжірибе алмасуы, халықтар арасын жақындату бағыттарында бұдан да жоғары нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік бар, – деді Италия Премьер-министрі.

Кездесуде сауда-экономикалық және инвестициялық ықпалдастықты кеңейту перспективасы талқыланды.

Еске салайық, бүгін, 2025 жылғы 29 мамырда Астанаға Италия премьер-министрі Джорджа Мелони келді. Олар Астана әуежайында аз-кем сұхбат құрды

Ақордада Астанаға ресми сапармен келген Италия Министрлер кеңесінің төрағасы Джорджа Мелониді салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы