Джордж Флойдты өлтірген полицей 22 жылға сотталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Америкалық Миннеаполис қаласының сотында судья Питер Кахилл африкалық американдық Джордж Флойдтың өліміне кінәлі деп танылған полиция қызметкері Дерек Шовинге үкім шығарды. Ол 22 жылға сотталды, деп хабарлады www.bbc.com.
Бұрынғы полиция қызметкері осы жылдың сәуір айында әділ қазылар алқасы Флойдты өлтіргені үшін кінәлі деп танылып, содан бері жалғыз қамауда болды.
Бұл қылмыс Американы дүрліктіріп, жаппай наразылықтар мен әлеуметтік толқуларға себеп болды.
Үкім шығарар алдында судья Кахилл оны 270 айға немесе 22 жылдан сәл артық мерзімге соттауын түсіндірді.
Атап айтқанда, Кахилл Шовиннің «өз ұстанымын және оған берілген билікті қалай теріс пайдаланғаны»туралы айтып, «Джордж Флойдқа ерекше қатыгездік танытты» деп шешті.
Айта кетейік, Джордж Флойд 2020 жылдың 25 мамырында полиция қызметкерінің қолынан қаза тапты.Сонымен, мен сот залында және одан тыс жерлерде қиындық болғанын мойындаймын. Ең бастысы, Флойдтың отбасы бастан кешкен ауырсынуды түсінуіміз керек,- деді судья.