Джонни Депп бұрынғы әйелін сотқа берді

Астана, BAQ.KZ. Америкалық танымал актер Джонни Депп бұрынғы әйелін сотқа берді. Бұл жөнінде Лента.ру порталы хабарлады. 


Америкалық актер және кинорежиссер Джонни Депп өзінің бұрынғы әйелі Эмбер Хердқа қарсы талап арызымен сотқа жүгінді. 

Депп экс-әйелі өзін «тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбаны» деп көрсеткен авторлық мақаласы үшін 50 млн доллар көлемінде моральдық шығын өтеуін талап етіп отыр. Актердің адвокаттары Хердтің мұндай айыптауын жала деп атап, ол осы ісі арқылы өз танымалдылығын арттырып, қызметіне оң әсер етуіне қол жеткізгісі келетінін айтуда. 

Өз кезегінде, Эмбердің адвокаттары талап арыз арқылы Депп бұрынғы әйелінің аузына қақпақ болғысы келіп отырғанын мәлімдеді. 

Еске салсақ, Джонни Депп пен Эмбер Херд 2015 жылғы ақпан айында некелескен болатын. 2016 жылы Херд ажырасуға өтініш беріп, бұл шешімін некедегі еңсерілмейтін қарама-қайшылықтармен түсіндірген. Бірнеше күн өткен соң ол жолдасын тұрмыстық зорлық-зомбылық көрсетті деп айыптады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы