Джокович пен Надаль арасындағы ойынды көруге Елбасы келді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордадағы "Барыс Арена" спорт кешеніде теннистен әлемнің бірінші және екінші ракеткасы Рафаэль Надаль мен Новак Джокович арасындағы қайырымдылық матчты тамашалауға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев келді.
Матчты тамашалауға ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев арнайы келді. Надаль мен Джокович ойынын 12 мың адам тамашалайды. Әлемнің бірінші және екінші ракеткасы Рафаэль Надаль мен Новак Джокович Нұр-Сұлтанға кеше түнде келді. Бүгін олар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев және ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесті.
Новак Джокович Қазақстандық теннисшілермен ойынды асыға күтетінін айтты. Сонымен қатар, теннисшілер бүгін елордада жаңа теннис орталығының ашылуына қатысты.
Айта кетейік, екеуі осыған дейін 54 рет кездескен. Бүгін 55-рет жолығады. Надаль "Үлкен дулыға" санатындағы турнирде 19 рет, Джокович 16 рет жеңіске жеткен
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы