22 Шілде 2024 2024, 07:15
Фото: pixabay.com
Джо Байденге қатысты ақпараттан соң мұнай бағасы көтеріле бастады
АҚШ президенті Джо Байденнің сайлауға кандидатурасын ұсынудан бас тартуға қатысты мәлімдемесінен соң «қара алтынның» бағасы күрт өсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
АҚШ президенті Джо Байденнің сайлауға кандидатурасын ұсынудан бас тартуға қатысты мәлімдемесінен соң «қара алтынның» бағасы күрт өсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
РИА Новости таратқан ақпаратқа сүйенсек, саяси ақпарат шыққан соң мұнай бағасы бірден 0,3-0,4 пайызға көтерілген.
Атап айтқанда, Brent-тің баррелі 82,8 долларға, WTI – 78,9 долларға бағаланып отыр.
Осы орайда, алтынның бағасы да біртіндеп өсуде. Ол үш есе унция үшін 2405 доллар межесінде тұр.
Еске салайық, бұған дейін Джо Байден кезекті президент сайлауына қатысу бәсекесінен шығатынын мәлімдеген болатын.