Джо Байден президент сайлауына өз кандидатурасын ұсынудан бас тартты
АҚШ-тың президенті Джо Байден президент сайлауынан өз кандидатурасын алып тастайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Х әлеуметтік желісінде жарияланған мәлімдемесінде ол Демократиялық партия мен өз елінің мүддесі үшін биыл қарашада өтетін президент сайлауына түсуден бас тартқанын жазған.
Дегенмен президенттік мерзімі аяқталғанға дейін мойнына жүктелген міндетті толықтай атқаратынын жеткізді.
Мен үшін сіздердің президенттеріңіз ретінде қызмет ету – өмірімнің маңызды бөлігіне айналды. Қайта сайлауға түсуге тырыссам да, менің партиям мен елмнің мүддесі үшін егер мен отставкаға кетіп, президент ретінде мерзімім аяқталғанша өз міндеттерімді атқаруға көңіл бөлгенім абзалырақ болады деп санаймын, - деді Байден.
Айтуынша, ол соңғы үш жарым жылда АҚШ ұлт ретінде үлкен үдеріске қол жеткізген.
Бүгінде Америка әлемдегі ең күшті экономикаға ие. Біз еліміздің қалпына келуі, қарттар үшін рецептуралық дәрі-дәрмек бағасын төмендету мен америкалықтар үшін рекордтық көрсеткішке айналған қолжетімді медициналық қызмет көрсетуді кеңейту үшін тарихи инвестиция жасадық. Біз уытты заттардың ықпалына ұшыраған миллиондаған ардагерге қажетті көмекті барынша көрсеттік. 30 жылда алғаш рет қару-жарақ қауіпсіздігі туралы заңды қабылдадық, - деп атап өтті президент.