Джиу-джитсудан күміс пен қола: Қазақстандықтар Ислам ойындарында топ жарды
Эр-Риядта өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында джиу-джитсудан Қазақстан құрамасының өкілдері Ажар Салықова мен Мансұр Хабибулла ел қоржынына медаль салды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Ажар Салықова 63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күміс медаль иеленді. Бұл салмақта жарыстар айналма жүйе бойынша өтті. Алдымен қазақстандық спортшы БАӘ өкілі Шамма Әлкальбаниге есе жіберсе, кейін Алжир спортшысы Омрани Фадияны жеңіп, екінші орынға ие болды.
Мансұр Хабибулла 62 келіге дейінгі салмақта қола медаль алды. Үшінші орын үшін өткен белдесуде ол Алжир балуаны Бесо Абдельмалекпен кездесті.
Айта кетейік, Қазақстан жалпыкомандалық есепте алтыншы орында. Ұлттық құраманың еншісінде – 15 алтын, 20 күміс және 21 қола медаль бар.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы