Джей Лоның командасы қазақтың ұлттық киімдерін киіп көрді

Әйгілі мегажұлдыз Дженнифер Лопестің командасы қазақтың дәстүрлі өрнектері бар киімдерді киіп көрді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ұлттық киім киген фотосуреттерін олар Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшаларында жариялаған.

Әлеуметтік желіде бэк-вокалисі Шэрон Янгблад дәстүрлі бас киім киген фотосуретімен бөлісті.

Керемет бас киім үшін рахмет! – деп жазған Шэрон Янгблад.

Ал биші Джузеппе Джофре тақия киген суретін жариялады.

Бұған дейін Джей Лоның командасындағы вокал орындаушысы Шэрон Янгблад қазақстандық шоколадтың дәміне сүйсініп, жазба салған.

Еске салайық, әлемдік танымал жұлдыз Астана мен Алматыда концерт өткізді.

Астанадағы концерт 1 тамызда өтіп, оған 25 мың көрермен жиналды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы