16 Тамыз 2025 2025, 16:46 Фото: instagram.com

Джей Ло қазақстандық әншіге қолдау білдірді

Әлемдік мегажұлдыз Дженнифер Лопес қазақстандық әнші орындаған каверге қолдау білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әлемдік мегажұлдыз Дженнифер Лопес қазақстандық әнші орындаған каверге қолдау білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Видео миллионға жуық қаралым жинады.

Қазақстандық әнші Мөлдір Байбуринова Дженнифер Лопестің "Ain't Your Mama" әніне кавер орындап, желі қолданушыларының назарын аударды. Әлемдік жұлдыздың өзі қазақстандық орындаушының видеосын өзінің Instagram парақшасында бөлісті.

Дженнифер Лопестің "Ain't Your Mama" әні 2016 жылдың 7 сәуірінде жарық көрген. Ән әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту тақырыбына арналса, әуенінде регги, дэнсхолл және латиноамерикалық музыка элементтері үйлесім тапқан.