Дженнифер Лопес Қазақстанға қанша ақша әкелді?

Жуырда Астанада концерт қойған әлемдік мегажұлдыз Дженнифер Лопестің концертінен қазынаға қандай пайда түскені әлі есептеліп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков Үкімет үйінде өтіп жатқан баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Жақында Астанада әлемдік жұлдыз Дженнифер Лопес концерт өткізгені белгілі. Үкіметте 15 мың турист келіп, 6,5 млрд теңге пайда мен 400 млн теңге салық түсетіні айтылды. Журналистер Экономика министрлігінен концерттен кейін қанша салық түскенін, елге қандай экономикалық пайда әкелгенін сұрады.

Ол концерт қазір көп талқыланып жатыр. Концерттің ұйымдастырушысы берген алдын ала ақпарат белгілі. Нақты қанша салық түскені, ол тікелей салық немесе жанама салық екенін анықтауға уақыт керек. Ол сұраққа Қаржы министрлігі мен Туризм және спорт министрлігі нақты жауап бергені дұрыс болады деп ойлаймын, - деп қысқа қайырды вице-министр.

Еске салсақ, америкалық поп-жұлдыз Дженнифер Лопес 31 шілдеден 1 тамызға қараған түні Қазақстан астанасына ұшып келді. 1 тамыз күні әлемдік жұлдыздың концертінде көрермен назарына бұрыннан таныс кейіпкер – Тазабек есімді алып қуыршақты ілікті.

Астанада аты әлемге жайылған әнші Джей Ло берген концерт Қазақстанды таңғалдырған ғаламат шоу болды. Аталған концерт жайлы жазған шолуымызды мына жерден оқи аласыз.

Бұған дейін Дженнифер Лопестің Қазақстанда өтетін концертіне қанша турист келетіні туралы да жаздық.

Белгілі болғандай, Jennifer Lopez Астанадағы концерттен соң Ташкентте өнер көрсетеді. Концерт 7 тамыз күні "Бунёдкор" стадионында өтеді.

Содан кейін жаһандық жұлдыз 10 тамызда Алматыда концерт береді. Еліміздің оңтүстік астанасында өтетін Дженнифер Лопестің концерті Қазақстан экономикасына 5 млрд теңге пайда әкеледі деп жоспарланып отыр.

Қазақстанға Дженнифер Лопестен соң іле-шала әлемдік супержұлдыз Шакира келіп концерт қоюы мүмкін. Бұл туралы "Астана Концерттің" продюсері Мәлік Хасенов мәлімдеді

Сондай-ақ, Дженнифер Лопеске күзетші дүкенге кіруге рұқсат бермеген.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы