8 Тамыз 2025 2025, 17:08 Фото: видеодан скриншот

Дженнифер Лопес ақтөбелік биші қыздардың видеосын жариялады

Дженнифер Лопес ақтөбелік бишілерді байқап, оларға назар аударды

Әлемдік мегажұлдыз Дженнифер Лопеске ақтөбелік қыздардың биі ұнап қалды. Ол өзінің Instagram-дағы Stories парақшасында қыздардың билеп жүрген видеосын жариялап, қазақстандықтарға тағы да құрмет көрсетті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ақтөбеден шыққан ZCrew би тобының қыздары әншінің бұрын бастамашы болған челленджі аясында BIRTHDAY трегіне билеген.

Мыңдаған лүпіл мен пікір жинаған бейнежазбаны Джей Ло өз парақшасына жариялаған.

Еске салайық, бұған дейін Дженнифер Лопес "Бәйтеректің" алдында билеген биші қыздардың видеосын бөліскен еді.