Джеки Чан Паралимпиада алауын алып жүреді

Актер Джеки Чан 2024 жылы Паралимпиада ойындарының ашылу салтанаты қарсаңында алау алып жүрушілердің бірі болады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Өзінің трюктары мен акробатикалық күрес сахналарымен танымал болған Джеки Чан паралимпиаданың ашылу салтанаты қарсаңында алауды алып жүреді.

Паралимпиада ойындарының ашылу салтанаты Елисей алаңынан Париждің орталығындағы Конкорд алаңына дейінгі шерумен өтеді.

Паралимпиада ойындарының тарихи үйі - Сток-Мандевиллде, Букингемширде, Ұлыбританияда сенбі күні жағылған алау жексенбі күні мүгедектер арбасындағы семсерлесуден жүлдегер Эммануэль Асманн алып бара жатқан Канал туннелі арқылы Францияға келді.

Айта кетейік, Паралимпиада ойындарына еліміздің атынан волейболды отырып ойнаудан 12 спортшы, жеңіл атлетикаға 4, ал пара каноэға 2 отандасымыз қатысады. Сондай-ақ оқ атудан 2, пауэрлифтинген 5 спортшы, үстел теннисіне 1, жүзуден 4 спортшымыз бақ сынайды.

Одан бөлек, пара таеквандо бойынша 4 және пара дзюдо бойынша 10 қазақстандық Парлимпиадаға қатысады. Осылайша 9 спорт түрінен барлығы 44 қазақстандық спортшы бәсекеге түседі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы