Джеки Чан Ақ Олимпиада алауын ұстады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлемдегі ең танымал киноактерлердің бірі Джеки Чан Бейжің-2022 қысқы Олимпиада алауының эстафетасына қатысты, деп хабарлады kaz.vesti.kz.

Ұлы Қытай қорғанында алау ұстап жүгірген­дердің арасында Джеки Чан да болды. Эстафетаны көруге жиналған жанкүйерлердің барлығы актерге қошемет көрсетті.

«Таңғы 4.00 ояндым. Бұл менің төртінші Олим­пиадам. Шынымды айтсам, осындай эстафета алауы­мен жүгіруге мүмкіндік сыйлаған ұйымдас­тыру­шыларға алғыс айтамын. Өзімді бақытты сезініп тұрмын», – деді Джеки Чан.

Еске салайық, Олимпиада ойындары Қытай астанасында ақпан айының 4 мен 20-сы аралығы өтеді. Қазірдің өзінде фристайл-могул, керлинг, шаңғымен тұғырдан секіру және өзге де спорттық ойындардың іріктеу кезеңдері басталып кетті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы