"Джек" есірткі саудасының жолын кесті
Қостанайда Ұлттық ұланның құрамында қызмет атқарып жүрген «Джек» есімді ит құпия орынға жасырылған есірткі тауып алды деп хабарлайды BAQ. KZ сол өңірдегі тілшісі.
Енді осынау оқиғаныңқалай болғанына егжей-тежейлі тоқталып кетсек. Қостанай облыстық полиция департаментінің есірткіге қарсы күрес шарасы барысында облыс орталығындағы Ұлттық ұланның 6697 әскери бөлімінің сарбаздары мен бірге осы бөлімге тиеселі «Джек» атты итке де ерекше тапсырма жүктеліпті. Осылайша Қостанай облыстық полиция департаменті тарапынан күрделі тапсырмаған аттанған олар түскі сағат 12.00 шамаларында Каршыбаева 5 үйінің Е. азаматының пәтеріне тексеру жүргізе бастайды. Тексеру жұмыстары барысында «Джек» есімді қызметтік ит пәтердегі кереует жанында орналасқан сөрені көрсеттіп, тұрып алады. Арнайы полиция қызметкерлері күдік туғызған орынды тексеру кезінде, сөреден 100гр. шамасында ерекше иісі бар жасыл түсті өсімдік тектес зат тауып алады.
Біз полиция департаментімен бірлесе қызметке кіріскен едік. Кенет үйді тексеру кезінде Джек үй ішіндегі сөредегі қара пакетті көрсетті.Күдік туғызған пакетті ашқанда ішінен есірткі затты табылды,- дейді аға сержант Сергей Абросимов.
Аталмыш әрекет бойынша күдікті азамат Қостанай қаласының полиция басқрмасына жеткізілді. Қазір оның үстінен есірткі затын сақтағаны үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі бойынша іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүріп жатыр.