Джастин Бибер ауыр сырқаты жайлы айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Канадалық әнші Джастин Бибер сырқаттанып қалды. Дәрігерлер оған Лайм ауруына шалдыққанын айтқан.
Бұл туралы жас әншінің өзі Instagram-дағы парақшасында жазды.
Айтуынша, ол екі жылдан бері Лайм ауруынан емделіп жүр. Лайм ауруы – кененің шағуы арқылы тарайтын жұқпалы дерт.
Мұндай жаңалықты жазған әнші есірткіге еш қатысы жоқ екенін айтқысы келген.
Жақында маған дәрігерлер Лайм ауруы диагнозын қойды. Тағы созылмалы мононуклеоз салдарынан терім, миым, энергиям және жалпы денсаулығым нашарлады, – деп жазды Бибер.
Әнші сырқаты туралы роликтер дайындап, YouTube арнасына жүктейтінін айтты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматылық кәсіпкерлер салық амнистиясын ең көп пайдаланған
Келесі жаңалық
Өндірісті локализациялау келешегі талқыланды
Өзгелердің жаңалығы