Дүйсенова жұмыс сапарымен Жамбыл облысына барды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова жұмыс сапарымен Жамбыл облысына келді.
Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Онда ол ЕХӘҚМ басшысы жастармен, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен, көпбалалы аналармен, сондай-ақ өңір активімен кездесулер өткізеді.
Сонымен қатар жұмыс сапары аясында Тамара Дүйсенова «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясына барып, халықтың табысын арттыру жөніндегі пилоттық жобамен танысады. Бұдан бөлек министр мүгедектігі бар балаларға арналған облыстық оңалту орталығының жұмысымен танысады деп жоспарланған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ауыл мұғаліміне «Болашақ» халықаралық стипендиясы тағайындалды
Өзгелердің жаңалығы