Дүйсенова Жамбылдағы әлеуметтік мәселелерді атады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.
Біз кешеден бері Жамбыл облысында жүрміз. Көпбалалы аналар мен зейнеттегі аналармен кездестік. Негізгі мәселе мүмкіндігі шектеулі азаматтарға мемлекет тарапынан қолдау мәселесі. Жастарды жұмысқа тарту және жастарды жұмыспен қамту мәселесі де өзекті болып отыр. Аналардың зейнетке шығу мәселесі туралы тапсырдық. Жақсы пікірлер ұсынылды. Жастарды жұмысқа орналастыру – мемлекеттің негізгі мәселесінің бірі. Бұл бойынша Мемлекет басшысы тапсырма берді, - деді ол.
Дүйсенова атағандай, өңірде мүмкіндігі шектеулі жандардың жұмысқа орналасуы мәселесі тұрғанын айтты.
Бізде қазір «Еңбек биржасы» бағдарламасы бар. Оның аясында 11 мыңнан астам вакансия болса, оның 5 мыңы мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған.Тараз бойынша қандай жұмыс орындары бар дегенде, жұмыс істегісі келетін адамдарды ұсыну керек. «Бәріміз біргеміз» деген де жоба болды. Ол бойынша мүмкіндігі шектеулі адамдар өз жобаларын ұсына алады, - деді Дүйсенова.