Дүйсенова тұрақты жұмыс орыны қалыптаспай отырған өңірлерді атады

Еңбек министрі Тамара Дүйсенова 10  Ұлттық жобаның аясында құрылып жатқан жұмыс орындары туралы мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

 Осы бағыттағы жоспарлы көрсеткіштер орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен келісілген. Бүгінгі таңда бұл жоспар  75,6%-ға орындалды. Мемлекет тарапынан субсидия берілетін жұмыс орындарын ескергенде 203,3 мың жұмыс орны құрылды.Шаруамыздың ойдағыдай атқарылуына «Кәсіпкерлікті дамыту», «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» және «Агроөнеркәсіп кешенін дамыту» сияқты Ұлттық жобалардың табысты жүзеге асуы септігін тигізді. Жаңадан ашылған жұмыс орындарының 92%-ы осы 3 жобаның еншісінде. Ал, басқа жобаларда ең азы 492, ең көбі 6,2 мың жұмыс орны құрылды, – мәлімдеді Тамара Дүйсенова Үкімет отырысында.

Мәлімдеуінше, Ұлттық жобалар аясында өңірлерде құрылған жұмыс орындарының 55 пайызы – тұрақты.

Онда жұмыс істейтін азаматтардың 46%-ы міндетті зейнетақы жарнасын төлеп отыр. Алайда, тұрақты жұмыс орындарын құру бойынша ең төменгі көрсеткіш Қостанай (39%), Ақтөбе (37%) және Ақмола (33%) облыстарына тиесілі. Осы орайда, Қызылорда облысының өте жақсы нәтижеге қол жеткізгенін атап өткен жөн. Облыста құрылған жұмыс орындарының 88%-ы – тұрақты жұмыс орны. Олардың 84%-ы зейнетақы аударымымен расталған, – деді Еңбек министрі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы