Дүйсенова азаматтарды қабылдады
Премьер-Министрдің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова жеке қабылдау өткізіп, еліміздің әр өңірінен келген 4 адамның мәселелерін қарады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазақстандықтар еңбек заңнамасын сақтау, ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін инфрақұрылым объектілерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету, мүгедектік тобын белгілеу мәселелеріне жауап алу үшін министрге жүгінді.
Тамара Дүйсенова азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдап, олардың сауалдарына бойынша толық жауап берді.
Қарауға қосымша уақытты талап ететін мәселелерді өзінің жеке бақылауына алып, ҚР ЕХӘҚМ тиісті департаменттеріне қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз құзыреті шеңберінде оларды шешуде көмек көрсетуге тапсырды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Өзгелердің жаңалығы