Дүйсенбіде республиканың басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Синоптиктер 9 қыркүйекте еліміздің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде төтенше өрт қауіпі, областың батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Облыстың батысында, шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Ұлытау облысының басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде тұман күтіледі.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.

Атырау облысының басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында тұман күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыста төтенше өрт қауіпі сақталады.

Қызылорда облысының басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың солтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Астанада түнде және таңертең тұман күтіледі.

Қостанай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Абай облысының батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Павлодар облысының оңтүстігінде, батысында тұман күтіледі.

Түркістан облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, таулы аудандарда күші 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.

Шымкентте төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: архив
Өзгелердің жаңалығы