Түнде және таңертең Алматы облысының солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
Түнде Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, көктайғақ болады, ал облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың шығысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15 м/с. Жезқазғанда 23 қарашада түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, көктайғақ болады деп күтіледі. Кей уақыттарда тұман болатыны да болжанады.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Қарағандыда 23 қарашада кей уақыттарда тұман түседі деп күтіледі.
Түнде және таңертең Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман түседі деп күтіледі. Ақтауда да 23 қарашада түнде және таңертең тұман болатыны болжанады.
Түнде Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, ал түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде көктайғақ болып, тұман түседі деп күтіледі. Күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Оралда 23 қарашада түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, сондай-ақ түнде және таңертең көктайғақ болып, тұман түседі деп күтіледі. Күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Түнде Ақтөбе облысында жауын-шашын (көбінесе жаңбыр түрінде) жауады, облыс бойынша тұман түсіп, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады деп күтіледі. Ақтөбеде 23 қарашада түнде жауын-шашын (көбінесе жаңбыр түрінде) жауып, түнде және таңертең тұман түседі, көктайғақ болады деп күтіледі.
Түркістан облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарындағы екпіні 15-20 м/с, таңертең және күндіз тау асуларында 23-28 м/с дейін жетеді. Шымкентте және Түркістанда 23 қарашада оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-18 м/с қамтиды. Атырауда 23 қарашада түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі.
Түнде және күндіз Павлодар облысының батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында тұман түсіп, көктайғақ болатыны да болжанады. Павлодарда 23 қарашада күндіз жаңбыр жауады, тұман түседі, түнде және таңертең көктайғақ болады деп күтіледі.
Жетісу облысының шығысында, орталығында, таулы аудандарында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың шығысында, таулы аудандарында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз Алакөл көлдері ауданында 25 м/с дейін жетеді. Талдықорғанда 23 қарашада түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі.
Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман түседі деп күтіледі. Қызылордада 23 қарашада түнде және таңертең тұман болатыны болжанады.
Түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей тұстарда 25 м/с дейін жетеді. Өскеменде 23 қарашада оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Түнде және таңертең Абай облысының шығысында, оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей тұстарда 25 м/с дейін жетеді. Семейде 23 қарашада таңертең және күндіз оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Түнде және таңертең Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, жекелеген аудандарда 25 м/с дейін жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Петропавлда 23 қарашада жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, тұман түсіп, көктайғақ болады деп күтіледі.
Ақмола облысында жауын-шашын (көбінесе жаңбыр түрінде) жауады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болады деп күтіледі.
Астанада 23 қарашада түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі.