8 Қазан 2025, 11:05
Фото: видеодан скриншот
Дуровтың Көлсайда шомылуынан кейін ұлттық парк қызметкерлері жазаланбақ
Алматы облысындағы “Көлсай көлдері” ұлттық паркі Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуровтың Көлсай көлінде шомылғаны туралы бейнежазба пайда болғаннан кейін қызметтік тексеріс бастағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Алматы облысындағы “Көлсай көлдері” ұлттық паркі Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуровтың Көлсай көлінде шомылғаны туралы бейнежазба пайда болғаннан кейін қызметтік тексеріс бастағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Ұлттық парк әкімшілігі көлдерде шомылуға қатаң тыйым салынғанын еске салды.
Көлсай көлдерінде шомылуға туристік маршрут паспортына сәйкес тыйым салынған. Осы факт бойынша қызметтік тексеріс басталды. Нәтижесінде, бақылауды тиісті деңгейде қамтамасыз етпеген жауапты тұлғаларға тәртіптік жаза қолданылады, – делінген хабарламада.
Осылайша, ережені бұзғаны үшін Дуровтың өзі емес, ұлттық парк қызметкерлері жауапқа тартылуы мүмкін.
Айта кетейік, Павел Дуровтың суға түскен сәті бейнеленген видео желіде тарағаннан кейін үлкен дау туғызды. Кадрларда ол Көлсай көлінен жартылай жалаңаш күйде судан шығып келе жатқаны көрінеді. Көлсайда шомылғаны үшін айыппұл мөлшері 10 АЕК немесе 39 320 теңге болып белгіленген.
- 19 шілдеге арналған валюта бағамы жарияланды 13:16
- Ақтауда әйелге шабуыл жасады деген күдікті қамауға алынды 12:52
- Краснодар өлкесінде Ми-2 тікұшағы апатқа ұшырап, ұшқыш қаза тапты 12:07
- Алакөлде катер қағып кеткен зейнеткер екі аяғынан айырылды 11:49
- Қазақстандағы тасжолдардың бірінде аптап ыстықтан асфальт көтеріліп кетті 11:19
- Қазақстанның металлургия кәсіпорындары 19 трлн теңгенің өнімін өндірді 10:48
- Елена Рыбакина АҚШ-тағы турнирге қатысады 10:16