Дүниежүзілік Универсиадаға қатысқан студенттер құрамасы елге оралды

Бүгін түнде, АҚШ-тың Лэйк-Плэсид қаласынан ХХХ қысқы дүниежүзілік Универсиадаға қатысқан шорт-тректен Қазақстан студенттер құрамасы елге оралды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Спортшыларымызды Астана әуежайынан Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек бастаған топпен қалалық спорт басқармасының қызметкерлері туыстары мен достары ыстық ықыласпен күтіп алды.

Министр Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтауын жеткізді.

 

 Қазақстан Рес­публикасы хал­қының атынан және жеке өз атымнан Сіздерді қол жеткізген тамаша жеңістеріңізбен шын жүректен құттықтаймын. Жеңістің жолы оңай болмаса да, сіздер Қазақстандықтардың үмітін ақтадың­ыздар.  Бұл сіздердің кәсіби шеберліктеріңіз бен жеңіске деген айрықша ерік-жігерлеріңіздің нәтижесі екені сөзсіз. Алдағы уақытта да осындай жеңістер биігінен көріне беріңіздер. Сіздерге бұдан да зор спорттық табыстар мен ізгі жақсылықтар тілеймін!,- деді Саясат Нұрбек.

Аталған халықаралық додада жерлестеріміз жүлделі орындарға ие болып, елге күміс медальдарды әкелді. Атап айтқанда Малика Ермек пен Санжар Жанысов. Олар Қазақстан студенттік құрама командасында бір неше қашықтықта және дисциплиналарда жоғары денгейде өнер көрсетіп, тұғырдың биік сатыларына көтерілді.

Естеріңізге сала кетеи‌ік, шорт-тректен ерлер құрамасы эстафетада күміс медальге қол жеткізген болатын. Ұлттық құрама намысын Әділ Ғалиахметов, Еркебұлан Шамуханов, Валерии‌ Клименко мен Санжар Жанысов қорғады.

Ал аралас эстафетада да отандастарымыз күміс жүлдеге ие болды. Олардың нәтижесі 2:47.757 секунд. Ұлттық құрама мүшелері -  Яна Хан, Малика Ермек, Алина Әжғалиева, Әлішер Әбілқатимов, Әділ Ғалиахметов және Еркебұлан Шамұханов.

Атап өтсек, осы Универсиадада Қазақстан жалпы командалық есепте 3 алтын, 4 күміс және 4 қола медальмен 11 орынға тұрақтады. Бұл жоғары көрсеткіш болып табылады.

Шорт-трек бөлімінің жаттықтырушыларын, әдіскерлер тобын шын жүректен осындай жетістікпен құттықтаймыз!

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы