Дүниежүзілік шахмат олимпиадасы: Қазақстан құрамалары жарысқа түсті

Будапеште 45-ші шахмат олимпиадасы басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Қазақстан шахмат федерациясына сілтеме жасап.

Шахмат әлемінің маңызды жарыстарының бірі саналатын бұл олимпиадаға Қазақстанның ерлер және әйелдер құрамалары қатысады.

Дүниежүзілік шахмат олимпиадасы - әр екі жыл сайын өтетін, Халықаралық шахмат федерациясының (ФИДЕ) «Gens Una Sumus» («Біз – бір отбасы») деген ұранын растайтын, әртүрлі елдерден келген шахматшыларды бір шаңырақ астында жинайтын жарыс. Биылғы олимпиада қатысушы командалар саны бойынша рекорд орнатты: ашық (ерлер) жарыста 197 команда, ал әйелдер жарысында 184 команда тіркелді.

Жарыс алдында құрамалар мүшелеріне сәттілік тілеп, қолдау білдіру мақсатымен Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов құттықтау хатын жолдады. Қазақстан шахматшылары әлемдік жарыстарда ел намысын абыроймен корғап келеді. Бұл жолы Олимпиададан да оң нәтижемен оралары күмәнсіз. Өйткені ұлттық құрама сапындағы спортшыларымыздың дені – халықаралық додаларда талай мәрте топ жарып, көк Туымызды көкте желбіреткен шеберлер. Айтулы дода оларға сәттілік тілей отырып, Қазақ елі тұтастай қолдау көрсетіп, жанкүйерлік ететінін еске салғым келеді, - деді министр үндеуінде.

45-ші шахмат олимпиадасында Қазақстан намысын елдің ең мықты шахматшылары қорғайды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Қазақстан шахмат федерациясы
Өзгелердің жаңалығы