22 Наурыз 2024 2024, 08:26
Фото: Қазақ күресі федерациясы
Дүниежүзілік Көшпенділер ойынының алғашқы билеті сатылды
Дүниежүзілік Этноспорт конфедерациясының президенті Біләл Ердоған 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында қыркүйек айында Астанада өтетін қазақ күресі жарысының алғашқы билетін сатып алды, деп хабарлайды BAQ.KZ федерацияға сілтеме жасап.

Бүгіндері қазақ халқының төл күресі – қазақ күресі халықаралық аренада қарқынды дамып келеді. Дүниежүзілік Этноспорт конфедерациясы қазақ күресінің халықаралық олимпиадалық қозғалысқа қосылып, оның ілгерілеп дамуына үлкен қызығушылық танытуда.
Аталған спорттық іс-шара 12 қыркүйек күні, сағат 16.00-де Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтеді.
Айта кетсек, 21 наурыз күні EXPO Халықаралық көрме орталығындағы 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының кері санақ тақтасы іске қосылған болатын.