Дүниежүзілік көшпенділер ойынын Түркия қабылдайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қырғызстанның Сыртқы істер министрі Руслан Қазақбаев бүгін қырғыз-түрік қатынастарына арналған ғылыми-практикалық конференцияда IV және V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары қай елдерде өтетінін айтты.

Бұл туралы prosports.kz сайты жазды.
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары биыл Түркияда, келесі жылы Мажарстанда өтеді, - деді Қазақбаев.
Бүгін Түркия Сыртқы істер министрлігінің басшысы Мевлют Чавушоглу Қырғызстанға ресми сапармен келді. Бұған дейін Чавушоглуны Қырғызстан президенті Садыр Жапаров қабылдаған еді.

Айта кетейік, Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізуге Қырғызстан бастама көтерген болатын. Бірінші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Ыстықкөл облысының Шолпан-Ата қаласында 2014 жылдың 9-14 қыркүйегінде өтті. 2016 және 2018 жылдарғы екінші және үшінші ойындар да Қырғызстанда өтті. Одан кейін эстафетаны Түркия қабылдады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы