Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылуы: Қазақстандықтардың пікірі қандай
Астанада 8 қыркүйекте V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанаты өтті. Ойынның ашылу салтанаты Астана аренада өтіп, ол телеарналардан онлайн көрсетілді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Әлеуметтік желілерде V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанаты қызу талқыланып жатыр.
Түрлі парақшаларда дүбірлі доданың ашылу рәсімінен сурет және видеолар жарияланды. Желі қолданушылары өз пікірлерін қалдырып, көшпенділер ойынының ашылуы Олимпиада ойындарының ашылу рәсімінен асып түскенін жарыса жазып жатыр.
Желі қолданушыларының пікірлері:
«Шынымен бәрі әлемдік деңгейде өтті. Ұйымдастырушылық өте жоғары, қойылымдар, сахна, лед-экран, әр деталь ескерілген. Маған қатты ұнады. Міне бұл «шет ел» деңгейі. Тіпті одан да асып түсті дер едім. Бүгін ең керемет концертте болдым».
«Бұл өте керемет болды. Ұйымдастырушылар – мақтанышымыз. Мен Қазақстанда тұратыныма мақтанамын».
«Ашылуы өте тамаша өтті. Билет алуы керек еді. Бірақ аса мән бермеп едім».
«Шынымен керемет болды. Тіпті Олимпиадаға қатысқан испандар Франциямен салыстырғанда жоғары деңгейде өткенін айтты».
«Жоғары деңгейде өтті. Көлік кептелісінсіз келіп, аренадан талталмай шықтық. Бәрі ұнады».
«Тамаша. Осы ойындар арқылы біздің тарихымызды біледі».
«Қазақстанның осындай үздік деңгейде өткізгенін алғаш рет көріп отырмын. Ал адамдардың концерттен кейінгі сезімі қандай болғанын көрсеңіз... Әлемнің түкпір-түкпірінен келген спортшылар ойындардың ашылу салтанатына қатысып, таңқалды. Енді жабылу салтанатына да қатысу керек».
«Иә, теледидардан көрсеңіздер де керемет өтті. Қандай театрландырылған шоулар болды. Өте жоғары деңгейде өтті».
«Туу, бара алмай қалдық. Керемет. Іші күйгендер тұз жаласын. Жылай бермей, еліміз үшін қуанайық».
«Бармасам да, ұнады».
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 13 қыркүйекке дейін жалғасады. Ойындардың кестесін сайтымыздан және әлеуметтік желілерімізден біле аласыздар.