Дүниежүзілік көшпенділер ойындары қарсаңында күзеттік іс-шаралар пысықталды

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары қарсаңында күзеттік іс-шараларға тартылған елордалық гарнизон департаментінің жеке құрамы жарыстар өткізілетін объектілерге барып зерделеу жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды BAQ.KZ Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өрттің ықтимал тәуекелдері және оларға ден қою шаралары пысықталды. Барлық қызметтердің үйлесімді жұмысы барлық қатысушылар үшін қолайлы және қауіпсіз жағдай жасауға көмектеседі.

Басты мақсат – қатысушылар мен қонақтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өйткені тек дайындық пен сақтық қана іс-шараның сәтті өтуіне кепілдік береді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі
Өзгелердің жаңалығы